13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызПавлодарда облыс аумағында тұратын 18 этностың халық ертегілері, дастандары және халық аңыздарының кейіпкерлерінен алынған «Қазақстан халқының қуыршақтары» атты көрмесі өтуде.
Балалар көркемсурет мектебі былтыр жыл бойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ғасырлар тоғысынан» атты қалалық өнер жобасына қатысты. Шығармашылық жұмыстардың қорытындысы бойынша балалар осындай көрме ұйымдастыруды қолға алды.
Осы қуыршақтарды орындамас бұрын Ертіс өңірін мекен еткен әртүрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері мен костюмдерін, сондай-ақ мәдениетін танып білу мақсатында үлкен жұмыс атқарылды. Қуыршақтар түрлі-түсті пластикалық қоспа, сым, жіп, газет және жүн сияқты әртүрлі материалдардан жасалған.
Көрмеге 100-ден астам жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 11 жастағы Дарина Сәрсекееваның «Анаит» атақты армян ертегісі, 11 жастағы Диляра Байғұжинованың «Үш әпке» атты қазақ ертегісі, 11 жастағы Валерия Андрееваның «Қоңыр сиыр» башқұрт ертегісі, 12 жастағы Карина Авазбакованың болгар ертегісі бойынша «Күміс бұғы» және София Нилинаның «Ақымақ кемпір және оның қу ұлы», 12 жастағы Азиза Бауыржан мен Диана Саттарованың поляк ертегілерінің қуыршақ-кейіпкері ұсынылды.
«Осы жобаға қатыса отырып, балалар қызықты және мағыналы ақпаратпен танысты. Олар отбасы мен достықтың бағасын, мейірімділік пен өзара көмек көрсете білуді түсіне отырып, Қазақстан халқының салт-дәстүрімен танысып, ежелгі әдет-ғұрпына және тарихқа үңіле білді», - дейді мектеп педагогы Светлана Рейн.
Көрме 2019 жылдың 1 ақпанына дейін жұмыс істейді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды