Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПавлодар қаласында он түрлі тілді еркін меңгерген жас полиглот Әсел Абдурахимова тұрады. Ол «Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің» 11-сынып оқушысы. Әсел көп тілді өздігінен үйреніп, лингвистикалық қабілетімен көзге түсіп жүр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Павлодар облысы Білім беру басқармасының деректеріне сүйенсек, тіл үйренуге деген Әселдің қызығушылығы ерте басталған. Бала кезінде ол әлем елдерінің астаналарын жаттап, түрлі халықтармен еркін сөйлесуді армандаған. Тоғыз жасында өз бетінше француз тілін үйренуді бастап, он бір жасында алғаш рет тіл курсында білім алған. Ал ағылшын тілін 2018 жылдан бері оқып, бүгінде күнделікті сөйлесу тіліне айналдырып үлгерген.
Қытай тілін ол арнайы оқыту орталықтарында үйреніп, қазір өздігінен жетілдіруде. Жақын уақытта халықаралық HSK 3 (B1) емтиханына қатысуды жоспарлап отыр. Өзбек, қазақ, орыс, испан, итальян және жапон (N4) тілдерін Әсел әлем мәдениеттеріне деген қызығушылығының арқасында толықтай өз бетінше меңгерген.
Қазіргі таңда ол төмендегі он тілді еркін қолданады:
– Тәжік тілі - ана тілі;
– Өзбек тілі - C1;
– Қазақ тілі - C1;
– Орыс тілі - C1;
– Ағылшын тілі - C2;
– Француз тілі - C1;
– Қытай тілі - B1;
– Испан тілі - A2;
– Итальян тілі - A2;
– Жапон тілі - N4 (A2).
Француз және ағылшын тілдерін қоспағанда, қалғандарының бәрін өз бетімше үйрендім. Әр жаңа тіл - басқа мәдениетке ашылған терезе. Алдағы мақсатым араб тілін меңгеріп, БҰҰ-ның барлық ресми алты тілін толық игеру, - дейді Әсел.
Мектеп әкімшілігі оның еңбекқорлығы мен табандылығын ерекше атап өтеді. Әселдің жетістіктері, жастар үшін шабыт беретін жарқын мысал. Ол тынымсыз ізденістің жоғары нәтижеге жеткізетінін дәлелдеп отыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар