Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПавлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен қала жұртшылығына жаңа автобустар таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жолаушыларды тасымалдаушы ірі павлодарлық - «№ 1 автобус паркі» ЖШС сыйымдылығы 25 орындық, жалпы сыйымдылығы 56 адамға арналған 1 санаттағы Isuzu 30 жаңа автобусын сатып алды.
Жаңа автобустар 1 мамырдан бастап № 115 және 126 бағыттар бойынша желіге шығады. № 115 бағытта - 10 автобус және № 126 бағытта 16 автобус жүретін болады, ал 4 автобус резервте болады. Қозғалыс аралығы 2 есе қысқарып, 10 минутты құрайды.
Жылжымалы құрам санатының өзгеруіне байланысты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс бағыттарына аздап өзгеріс енгізілді:
- №115 бағыт Лермонтов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі учаскеде М. Жүсіп көшесінен Ак. Бектұров көшесіне ауысады;
- №126 бағыт Бұқар жырау көшесінен Ак. Бектұров көшесіне көшіріледі.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар