29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПавлодар 3-ЖЭО-да трансформатор өртенді. Оқиға орнында өңірдің ТЖД, апаттар медицинасы орталығы және "Семсер-өрт сөндіруші" ЖШС қызметкерлері жұмыс істеді, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар 3-ЖЭО аумағындағы түтінді қала тұрғындары байқаған. Солтүстік өнеркәсіптік аймақта трансформатор жанғаны белгілі болды.
– 21 шілде күні сағат 18:25-те "Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-3 аумағында жеке тұрған трансформатор жанып жатқаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлады энергетика және ТКШ басқармасында.
Өртті сөндіруге барлығы 33 адам мен он техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, өңірдің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов орын алған жағдай қаладағы су мен жылу беруге әсер етпейтінін хабарлады.
ТЖД баспасөз қызметі трансформаторлық майдың трансформатордан төгілмей жанғанын хабарлады.
– Трансформатор №3 турбина цехының ғимаратына жақын орналасқан. Қазіргі уақытта ашық жану жоқ. Сондай-ақ, кернеуде тұрған цехтың ішінде кернеу кабельдері жанды. Электр энергиясын өшіру кезең-кезеңмен жүргізіледі, - деді ведомствода.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек