11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБір аптадан астам уақыт бұрын түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен Руслан Леонтьевтің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, кеше, 25 маусымда Ертіс өзеніндегі іздеу жұмыстары кезінде 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдіктен және жағадан 10-15 метр қашықтықтан көлікті тапқан. Сүңгуір суға кіріп, көліктің су астында жатқанын растады.
Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен Руслан Леонтьевтің мәйіті табылды.
Ол 16 маусымда жоғалып кеткен. Сол күні «Мазда» көлігімен Заңғар ауылынан Семей тасжолына қарай шығып кеткен. Русланды іздеумен «Вита» еріктілері, полиция қызметкерлері, ер адамның туыстары мен достары айналысты.
Кейінірек волонтерлер Русланның жоғалғанға дейінгі соңғы сағаттарын өткізген жерді белгіледі. Оны іздеуге эхолот, сарбаздар мен иісшіл иттер жұмылдырылды.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес