12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік№63 түзеу мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына ұялы телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2005 жылғы азамат изоляторда тергеліп жатқан танысына азық-түлік әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында арасына салынған қысқы аяқ киімді көреді.
Егжей-тегжейлі тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағы астына мұқият жасырылған ұялы телефон табылды. Аталған зат тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Департамент мамандары тыйым салынған заттарды тергеуде отырғандар мен сотталғандарға заңсыз беру әрекеттері әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер