23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Павлодар тұрғыны танысын өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен 31 жастағы күдіктіге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
2 қаңтар күні Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне павлодарлық ерікті түрде келді. Ер адам 2022 жылдың қыркүйек айының ортасында өзінің 59 жастағы танысын өлтіргенін хабарлады. Ер адам сол күні тұрғылықты жеріндегі үйде алкогольдік ішімдіктер ішу барысында танысы екеуінің арасындағы жанжал кезінде оны тұншықтырып өлтіргенін айтты. Мәйіт өзі тұрған үйдің ауласына көмілген, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.
Бұл факт тіркелді, тергеушілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Қажетті тергеу шараларын өткізгеннен кейін қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша сотқа мәні бойынша қарау үшін жіберілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік