10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПавлодарда сүйіктісін зорлады деп айыпталған ер адамды сот ақтап шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті алты ай бойы жұп болып жүрген қызбен соңғы кездесуінде дау шығып, оны соққыға жыққан.
М. аяқ-қолымен Н.-нің басынан, денесінен ұрған, тепкен, содан кейін тұншықтырған. Нәтижесінде зардап шеккен әйел әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Сол жерде Н. құқық қорғау органдарына жүгінді, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Қылмыстық іс екі бап бойынша қаралған: денсаулыққа қасақана зиян тигізу және зорлау. Іс материалдары сотқа жіберілген соң процесс жабық режимде өткен. Сот тергеуі барысында зорлау дерегі расталмай, бұл бап бойынша күдікті ақталды. Бірақ ол қызды соққыға жыққаны үшін кінәлі деп танылды.
Жәбірленуші мен оның қорғаушысы үкіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағым түсіріп жатыр.
Біз апелляциялық шағым түсіреміз. Сотталушы жәбірленушінің мұрнын және көмейінің шеміршегін сындырған. Сондықтан әлі күнге дейін оның тыныс алуы және сөйлеуінде қиындықтар бар, – деді адвокат.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді