2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Жыл басынан бері Павлодар полицейлері алимент төлемеген 155 адамды анықтады, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларының алдында алимент бойынша берешегі бар ата-аналардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Мәселен, 16 қыркүйекте Ертіс ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баласына алимент төлеуден жалтарған 28 жастағы ер адамның тұрған жерін анықтады. Қашқын әке Жамбыл облысының аумағында анықталды. Көші-қон қызметі сот орындаушысына келу туралы түсініктеме мен міндеттемені жіберді. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша балаларына алимент төлемеген 29 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, Павлодар полицейлері жыл басынан бері алимент төлемеген 155 адамды анықтады. Бұдан басқа, құқық қорғау органдарының тәртіп сақшылары прокуратурамен, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен және Әділет департаментімен өзара іс-қимыл кезінде тек Павлодар облысы бойынша мамандандырылған айыппұл тұрағына иелері алимент төлемеген 13 автокөлік құралын қойды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс