Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының Ертіс ауданындағы Ұзынсу ауылын су басу қаупі туындауына байланысты 3 сәуір күні таңертең облыстық жедел штаб «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» республикалық маңызы бар автокөлік жолында қозғалысты жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Даладан келген еріген су жолдың қазылған учаскелері арқылы ағызылды. Сол жерде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов болды. Сағат 15:00-дегі жағдай бойынша судың деңгейі 15-20 см-ге төмендеді.
Сағат 17:30-да ауылға су екінші жағынан келіп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта 6 тұрғын үйді су басу қаупі туындаған. Тұрғындар үйлерінен өздері шығып қазір туыстарының үйлеріне қоныстанды.
Қазір сол жерде Ертіс ауданының әкімі, ТЖД бастығының орынбасары және аудандық ТЖБ басшысы бар. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың ресурстары жіберілді. ТЖД күштері мен құралдары аттанды.
Тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті жоқ. Алайда, жергілікті мектепте эвакуациялық пункт ұйымдастырылғаны туралы тұрғындарға хабардар етілді. Мамандар жағдайды бағалау үшін аулаларды аралап жүр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?