Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіОблыстық ТЖД қызметкерлері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының өкілдерімен бірлесіп, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарында қысқы кезеңнің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында қар басатын учаскелерді аралап шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде жалпы ұзындығы 427,53 шақырымға созылатын 242 қарлы учаске бақылауға алынды, оның ішінде: республикалық маңызы бар жолдарда –138 учаске, облыстық жолдарда –11 учаске, аудандық жолдарда – 93 учаске, – деді департаментте.
Бұл учаскелерде жалпы ұзындығы 104,3 шақырым қар ұстайтын траншеялар мен біліктерді орнату және ұзындығы 16 шақырымнан астам қардан қорғайтын қалқандар орнату көзделген. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 33 шақырымнан астам темірбетон қар ұстайтын қоршаулар орнатылды.
Жолдардағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ ауа райының нашарлауы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы сыйымдылығы 10 мың адамнан асатын 189 жылыту пункті дайындалды.
Тәулік бойы режимде екі трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, олар жылыту пункттері ретінде де пайдаланылады.
Қысқы кезеңнен өту департаменттің және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады