28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавлодар облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 8 қаңтарда кешке Павлодар – Семей тасжолында, Тлектес ауылының маңында болған.
Полиция мәліметінше, Kia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын техниканы басып озбақшы болып, қарсы жолаққа шығып, "КамАЗ" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Кia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын көлікті басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып, "КамАЗ" көлігімен бетпе-бет соқтығыс жасады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – деп түсіндірді өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды, – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, үш жеңіл көлік пен жүк көлігі қатысқан ірі жол апатына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылған. Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар зақымданған көліктен екі адамның денесін шығарды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?