Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарПавлодар облысының полицейлері заңсыз балық аулаған тұрғындарды жауапқа тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айының соңына дейін уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынғанына қарамастан, балық аулау ережелері бұзылып жатыр. Мысалы полиция қызметкерлері Стэлла – Екібастұз автожолында ВАЗ-21214 автокөлігін тоқтатты, оның жүк салғышында жалпы салмағы 120 келі балық табылды.
Келесі күні УАЗ-3163 автокөлігі тоқтатылды, оның жүк салу бөлігінде жүргізуші тиісті құжаттарсыз бір қап балық пен бес дана көлемінде балық аулау торларын тасымалдағаны белгілі болды.
Балық аулау ережелерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру ережелерін бұзғаны үшін екі бұзушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Заңсыз балық аулау нәтижесінде келтірілген залал есептеліп жатыр, – деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.
Айта кетейік, 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында «Уылдырық шашу-2024» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған кезеңде Екібастұз өңіріндегі полицейлер балық аулау ережелерін бұзудың 13 жолын кесті, барлық құқық бұзушылар жазаланған болатын.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?