30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПавлодар облысының тұрғынын қорқытып, ақша бопсалаған үш күдікті қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ҰҚҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы прокуратурасын үйлестіруімен бопсалау қылмысы бойынша күдікке ілінген азаматтарды ұстады. Полицияға жергілікті тұрғын бірнеше ай бойы күдіктілердің оған қоқан-лоққы, зорлық-зомбылық көрсетіп, қолма-қол ақша алғанын айтты.
Полиция қызметкерлері анықтағандай, Ақсу қаласының үш тұрғыны өздерінің дене бітімін пайдалана отырып, жәбірленушіден жүйелі түрде ақша бопсалай бастаған және 100 мың теңге иемденген. Сондай-ақ күдіктілердің бірі осындай қылмыс жасағаны үшін тергеуде екені анықталды.
Тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында күдіктілерден қолдан жасалған пышақтар, телефондар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Осы факт бойынша қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 7 жылға дейін жаза қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды