7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Өңір аумағында төрт апта бойы көгалдандыру мен абаттандыру бойынша шаралар өтетін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыру науқанын бастауды тапсырған болатын. 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында қала мен аудандарда абаттандыру мен көгалдандыру бойынша өңірлік «Таза Қазақстан. Көркем қала мен аудан» атты экологиялық айлығы өтеді. Павлодар облысы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы аясында бастаманы қолдап, республикалық «Таза Қазақстан» акциясына қосылды.
Экологиялық айлық аясында 27 сәуірде «Тазалық марафоны» жалпыоблыстық сенбілігі ұйымдастырылады.
Бұл күні қала мен аудан аумақтарын санитарлық, көше мен тротуарларды, аулаларды тазалау, ағаш көшеттерін отырғызу, тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру, өзен-көлдер маңын қоқыстан тазалау, жасыл желектерді күту мен саябақтарда маусымдық агротехникалық жұмыстарды жасау, рұқсат етілмеген полигондар мен ластанған учаскелерді жою жұмыстары жүргізіледі.
Сенбіліктердің негізгі мақсаты – қоғамдағы экологиялық мәдениеттің қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғауды насихаттау болып табылады.
Ортақ үйіміздің, өз ауламыздың тазалығына кез-келген қала тұрғыны мен ұйымдары белсенді қатыса алады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?