Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПавлодар облысында «Браконьер» ЖПІШ барысында балық аулау ережелерін бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 48 фактісін анықтады. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 23 фактісі, балық аулау ережелерін бұзудың 9 фактісі бар.
Полиция 15 тоннадан астам заңсыз ауланған балық ресурстарын тәркіледі. Балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманда ұсақ ұрлау фактілері жойылды. Сонымен қатар 5 көлік айыппұл тұрағына қойылды, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Рейд барысында полиция Кеңтүбек ауылдық округінде орналасқан су айдынында заңсыз балық аулауды жүзеге асырған Май ауданының тұрғынын ұстады. Автокөліктен қытайлық өндірілетін ау, резеңке үрлемелі қайық, қайықтан 2 ескек, резеңке қайықты үрлеуге арналған сорғы, жалпы салмағы 5 келіден асатын мөңке балығы тәркіленді.
Құқық бұзушыға қатысты балық аулау және балық ресурстарын қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді. Полиция департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары