30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПремьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрлық экономиканы және тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» (Data Center Valley) жобасын жүзеге асыру барысы туралы жиын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин баяндады.
Қуаты 50 МВт болатын «ДӨО алқабының» бірінші нысанының құрылысы қарқынды жүруде, энергия орталықтары мен AI-фабрикалардың ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды әзірлеу бойынша жұмыстар 90%-ға аяқталды, энергия орталықтарының іргетасы қалана бастады, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар салынуда.
2026 жылдың желтоқсан айының соңына дейін дата-орталық пен энергоблоктардың, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің, бақылау-өткізу пункттерінің, сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігінің негізгі корпустары тұрғызылатын болады. Іске қосу-жөндеу жұмыстары 2027 жылдың мамыр айында аяқталады. Бірінші нысанды пайдалануға беру 2027 жылғы маусымға жоспарланған.
Сонымен қатар алаңның инженерлік инфрақұрылымы да дамуда. Жобаны энергиямен жабдықтау үшін қуаты 215 МВт болатын қосалқы станса сатып алынды, сумен жабдықтау желілерінің жобасы әзірленді және телекоммуникациялық инфрақұрылымның жобасы жасалуда. Құрылыс алаңында жұмыс барысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Data Center Valley-дің ұзақмерзімді энергетикалық әлеуеті жалпы қуаты 1 ГВт-қа дейін кезең-кезеңімен кеңейе бермек.
Бұл жоба – деректер орталықтарын, AI-фабрикаларды, GPU-кластерлерді және халықаралық гиперскейлерлердің бұлтты платформаларын орналастырып, оларды одан әрі кеңінен таратуға арналған алаң. Оны жүзеге асыру Қазақстанда цифрлық экономиканың экспортқа бағдарланған жаңа секторын құрып, жасанды интеллект саласындағы отандық шешімдерді әзірлеу үшін IТ-инфрақұрылымды қамтамасыз етеді.
Data Center Valley Қазақстанның жаңа экспорттық әлеуетін қалыптастырады. Есептеу қуатын ел ішінде орналастыра отырып, біз отандық AI-шешімдерді дамытуға, жаһандық компанияларды тартуға және Қазақстанның халықаралық цифрлық қызметтер нарығына шығуына жағдай жасаймыз, — деп атап өтті Жаслан Мәдиев.
Firebird AI және NVIDIA халықаралық технологиялық серіктестерімен бірге Data Center Valley базасында жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және жаңа буынның цифрлық қызметтерін дамыту үшін заманауи экожүйе құрылуда. Сонымен қатар қосымша IT-қуаттарды құру бойынша бірқатар шетелдік компаниямен ынтымақтастық пысықталуда. Келіссөздер сонымен қатар жаңа инвесторлар мен негізгі клиенттерді тартуды, өнімділігі жоғары есептеу кластерлерін орналастыруды және бұлтты қызметтерді дамытуды қамтиды.
Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – бірінші нысанның құрылысын 2027 жылдың маусым айында аяқтау. Сонымен қатар клиенттер тарапынан расталған сұранысты ескере отырып, кампус қуатын дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік беретін инженерлік негіз құрып жатырмыз, — деп атап өтті Бағдат Мусин.
Бұдан бөлек, жиын аясында Қазақстанда шет мемлекеттердің деректерін олардың толық заңды егемендігін сақтай отырып орналастыру мүмкіндігін көздейтін Cloud First Policy (Data Embassy) жобасын дайындау барысы қаралды.
Олжас Бектенов Президент жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «ДӨО алқабы» жобасының маңыздылығын атап өтті. Data Center Valley жобасын жүзеге асыру Қазақстанның технологиялық егемендігін нығайтып, жасанды интеллектіні дамытуға қажетті инфрақұрылымдық негіз қалыптастырады және еліміздің жаһандық есептеу қуаттары нарығындағы рөлін арттырады.
Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндіктері кеңейтілуде. "ДӨО алқабы" жобасы – ірі инфрақұрылымдық жоба ғана емес, бұл біздің еліміздің одан әрі технологиялық дамуының негізі. Оны жүзеге асыру Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында. Жасанды интеллект пен бұлтты сервистердің қуатты базасын қалыптастыру бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік AI хабы ретіндегі рөлін күшейтеді. Жобаны уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, бұл үшін барлық жағдайлар жасалған, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне құрылыс жұмыстарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету және жаңа әріптестерді тарту үшін шетелдік технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды