Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында белгілі қазақ ақыны, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұзафар Әлімбаев «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы.
Павлодар облыстық әкімдік мәліметінше, Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматын өзінің туған жері Шарбақты ауданында еске алды.
Салтанатты шараға облыс әкімі Асайын Байханов қатысып, Мұзафар Әлімбаевтың кітаптары мен жеке заттары қойылған көрмеге барды.
Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы - классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар, қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал, - деп атап өтті облыс әкімі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?