20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысында мектепте оқиытын екі қызды зорлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмағандарды зорлаудың екі оқиғасы туралы мәлімдеді. Ол зардап шеккен 15 және 17 жастағы оқушы қыздармен кездескен. Өкінішке қарай, қыздар басынан өткен жайтты ешкімге айтуға батылы жетпепті.
Екі жағдай да бір ауылда, бір отбасы төңірегінде болғаны белгілі.
Қыздарды зорлаған бір адам. 17 жастағы жәбірленушінің үлкен ағасы, "өгей әке" саналады, іс жүзінде 15 жастағы зардап шеккен қыздың анасымен бірге тұрады. Заңды және қанды түрде бұл екі түрлі отбасы, бірақ олар өздерін туыс деп санайды. Зорлады деген күдікті осы үлкен ағасының жақын досы, ол тіпті олардың үйінде түнеуге келіп жүрген, - деді Tengrinews.kz тілшісіне балалар омбудсмені.
Оның айтуынша, ер адам 29-30 жаста.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл күдікті қамауға алынғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр. Қыздар ауырсынуға шағымданған. Олар ауруханаға жатқызылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?