Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПавлодар облысының әкімі жергілікті жауапты мемлекеттік органдардың су тасқыны жағдайына дайындығын тексерді және су басу қаупі жағдайымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тереңкөл ауданында Ивановка, Алтай, Томарлы және Первомайск ауылдарын су басу қаупі бары айтылды. Су тасқынының алдын алу үшін еріген су сорылып шығарылып жатыр. Бөгеттер салынды және судың арнасын бұруға арналған арықтар қазылды. Бұл жұмыстарға барлығы 29 бірлік техника, 17 мотопомпа және 70-тен астам адам жұмылдырылды.
Железин ауданындағы Михайловка және Веселая роща ауылдарында судың арнасын арық қазу арқылы бұруда. Барлығы 6 жедел топ жұмыс істеуде, 60-тан астам техника бар.
Су басу қаупі бар әрбір ауылда су тасқынына қарсы қажетті жұмыстар жүргізілуде, жауапты қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.
Өңір басшысы Асайын Байханов әкімдерге үйлерді су басуға жол бермеуді және жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстауды тапсырды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар