Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыПештің мұржасын ұзақ уақыт бойы тазаламағандықтан бір отбасының мүшелері улы газбен уланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнында жұмыс жүргізу барысында ұзақ уақыт бойы тазаланбаған пештің мұржасы улы газбен улануға себеп болғаны анықталды. Соның салдарынан үй ішіне улы газ таралған.
2023 жылғы 21 қаңтарда сағат 15.50-де 101 пультіне Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Басқамыс ауылындағы үйлердің бірінде қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау (пештің мұржасы тазаланбаған) салдарынан 1976 жылы туған әйел адам мен 2004 және 202 жылдары туған екі бала улы газбен уланғанып, ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлама түсті. Зардап шеккендердің жағдайлары орташа дәрежеде.
Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері барды.
ҚР ТЖМ халыққа жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюды ұсынады. Пештердегі жарықтарды жою, мұржаларды 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пештерді қатты қыздырмау, от жағу үшін ұзындығы пештің от жағу өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажет.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар