Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕкібастұзда сегіз айлық баласына тамақ бермей, аштан қатырған әйел сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шідерті кентінің тұрғыны сотта кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады