7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?28 тамызда Павлодар облысында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайлау арқылы Ақсуға қарасты Қызылжар ауылдық округінің әкімі таңдалады. Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, округ құрамына бес елді мекен кіреді. Ондағы халық саны — 3623 адам. Соның 1699-ы сайлауға қатысады деп күтілуде. Тұрғындар Қызылжар және Сарышығанақ ауылдарында орналасқан № 495 және №500 учаскелерінде дауыс береді.
Сайлауға AMANAT партиясының атынан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Әбілдинов Дәулет Жұмабайұлы қатысып отыр.
Тағы екі үміткер өзін-өзі ұсынған. Оның бірі – Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы Байманов Қанатбек Қайроллаұлы. Ал өзін-өзі ұсынған екінші кандидат — қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы бөлім басшысының орынбасары Ермекова Әсемгүл Қанатқызы.
Сонымен қатар Ефремов ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді. Сайлаушылар Ефремов мектебінің ғимаратында орналасқан учаскеде дауыс бере алады.
Дегенмен мұнда әзірге үміткерлер тіркелген жоқ. Сол сияқты Баянауыл және Күркелі ауылдарында да әкім сайлауы өтеді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?