23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ол адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
13 сәуір күні сағат 12:50-де «101» пультіне «Ертіс орманы» резерватында өрт болып жатқаны туралы хабар түсіп, кейіннен қызыл жалын Ресей Федерациясының аумағына көшкен болатын.
Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов ұсталған адамды жауапқа тарту үшін іс сотқа жіберілгенін айтты.
- Құрғақ шөп пен қарағай жанды. Өрт шамамен 200 гектар аумақты қамтыды. Біз кінәлі адамды анықтадық. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материал полицияға жіберілді. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, - деді Қайрат Шаймарденов.
Қайрат Шаймарденовтің сөзіне қарағанда, өрт шыққан кезде Аққулы ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері жылдам оқиға орнына барған. Өрттің шыққан алғашқы ошағын анықтау арқылы кінәлі адамды тапқан.
- Сонда жүрген адам сөндірілмеген темекі тұқылын тастаған. Содан от шыққан. Оған қоса ол адамның сол жерде жүргенін нақтылаған куәгерлер де бар. Қызметкерлер ол адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оқиға орнында өрттің темекі тұқылынан болғаны анық көрінеді, - деді Қайрат Шаймарденов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік