29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Ұлы Дала» мерекесі аясында Павлодар облысына жол жүріп келген Монғолия делегациясы Достық үйіне келді. Келген қонақтарға экскурсия ұйымдастырылып, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-мен және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қызметімен жақын таныстырылды. Делегация құрамында Ұланбатыр қаласынан келген — Монғолия Республикасына Еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері, Баянөлгей аймағының құрметті азаматы Хайсанай Хавдразақұлы және ұлттық колөнер шебері-кәсіпкер Гүлнар Оралханқызы, Өлгей қаласынан келген Монғолия мемлекеті бокс федерациясының халықаралық жаттықтырушысы, спорт шебері Қайнар Қайсанайұлы, сондай-ақ Қобда қаласынан келген, Қобда мемлекеттік университетінің мұғалімі Айкүміс Бекболатқызы болды.
Экскурсия барысында қонақтар этномәдени бірлестіктер кеңселеріне, Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебіне, сондай-ақ Достық үйінің ұлттық-мәдени қазынасы — мұражайға кіріп шықты. Мұражайда орналасқан ұлттық аспаптар, қолданбалы өнер, халық тұрмысының заттары қонақтардың ерекше көңілінен шықты. Экскурсия соңында қонақжай жылы қарсы алғаны үшін ризашылықтарын білдіріп, жұмысымызға табыс тілеп, ары-қарай өркендей беруіне тілектес болды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек