Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТҮКШ басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда 586 білім беру мекемесінің 538-інде жылу беру маусымына дайындық жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, дайындық туралы актілерді тек 220 ұйым алған. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет нысандары 93-95 % дайын, кестеден артта қалушылық жоқ.
Жоспар бойынша әлеуметтік нысандарға көмір жеткізілуде, тұрғындарға арналған көмір қоры 12 мың тоннадан асады.
Біздің басты міндетіміз - барлық тұрғын және әлеуметтік нысандарды 100% дайындау. Бұл ретте, әлеуметтік нысандардың, мектептердің, балабақшалар мен ауруханалардың дайындығына әкімдер жеке жауапты болады. Сіздердің міндеттеріңіз - ведомстваға бағынысты болмаса да, аумақтарыңыздағы нысандардағы барлық жөндеу жұмыстарына бақылау жасау, - деп атап өтті Асайын Байханов.
Жиналыстың қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан әкімдері мен салалық басқармалардың басшыларына 15 қыркүйекке дейін барлық әлеуметтік нысандарды жылу қабылдауға дайындауды, ал, 1 қазанға дейін әлеуметтік нысандарды қатты отынның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етуді тапсырды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды