1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіӨткен демалыс күні Ертіс жағасында «Ұлы Дала» мерекесінің соңғы күні өтті. Оған өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді қатысты. Мыңдаған адам Ленин кентінің жанында бой көтерген ерекше этноауылда жиналды. Бұрынғы заманда бұл жерде үш жүз өкілдері кездесіп, халықтың тағдырындағы маңызды шешімдер қабылданды. Мереке ұйымдастырушылары дәл сол кездегі жай-күйді жандандыруға тырысты.
Көрермендер театрландырылған көріністерді, ақындар бәйгесін, салт-дәстүрлер мен сайыстарды тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Фестивальдің соңғы, яғни үшінші күні 160 жылдық тарихы бар Қоянды жәрмеңкесіне арналған қызықты театрландырылған қойылымнан басталды. Арнайы бой көтерген орталық сахнада өткен концерттік бағдарламаға «Жігіттер» тобы, Ә. Кәрімов, Е. Айдар, А. Иманбаева және т.б. қатысты.
Спорт алаңында қазақ күресі, көкпар мен тас көтеруден сайыстар өтті. Тас көтеру сайысында павлодарлық балуан салмағы 220 кг-ды құрайтын тасты көтерді.
Этнофестиваль келушілері көшпенділердің өмірі мен тұрмысын көріп, қазақтардың салт-дәстүрлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
«Ұлы Дала» этнофестиваліне Павлодар облысы әкімі аппаратының «Коғамдық келісім» ҚММ-нің және облыстық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары жиналған қауым назарына жарқын концерттік бағдарламасын және әртүрлі ұлттың ұлттық тағамдарын ұсынды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?