Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекTelegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға сапарынан соң еліміздің сұлулығына тамсанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дуров Астананың ұлылығына, Алматының тынымсыз қозғалысына, табиғаты көрікті Бурабай мен Шарын каньонына барып, Қазақстанның сұлулығын елдің амбициясымен ғана салыстыруға болатынын айтты.
Қазақстан халықаралық компаниялар мен технологиялық стартаптарға бизнес үшін қолайлы саясат және жеңілдетілген салықтары арқылы тартымды. Сондай-ақ ел инновациялық мектептер мен университеттерді қолдау арқылы білім мен ғылым саласындағы өз ұстанымын нығайтуда, — деп жазды Дуров өзінің парақшасында.
Оның сөзінше, бүгінде 20 миллион қазақстандықтың 12,5 миллионы Telegram-ды қолданса, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 25% артық.
Біз Қазақстан халқы үшін негізгі коммуникациялық платформа болып табылатынымызды мақтан тұтамыз және оның қарқынды экономикалық және цифрлық трансформациясын жеделдететін құрал болып қала береміз деп үміттенеміз, — деп қосты ол.
Маусым айында Дуров Орталық Азияның үш елінде болды. Оның алдымен Қырғызстанның Ыстықкөлінде жүргенін байқаған, сонан соң Ташкентке барып, кейіннен Астанаға ат басын бұрды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?