12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікПатриоттық тәрбиені арттыру және тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау мақсатында елордада 8 және 10 қарашада «Алтын күн» патриоттық әндерінің ІІ балалар фестивалі өтеді.
Фестивалге Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мүшелері, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, вокалдық студиялар, ансамбльдер, сонымен қатар 6-16 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Фестивалде Отанымыз Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер, сондай-ақ ҰОС жылдары және бейбіт уақытта жазылған әндер шырқалуы тиіс.
Патриоттық әндер фестивалі екі турдан тұрады:
1 кезеңде іріктеу, 2 кезеңде фестиваль өткізіледі.
Іріктеу туры
2019 жылғы 8 қарашада сағат 17.00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы 24/9) өткізіледі.
Фестиваль финалы
2019 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де (мәжіліс залы) болады.
Өтінімдер 5 қарашаға дейін +77014075853 телефоны бойынша немесе e-mail: nurblagodar2018@mail.ru электронды жәшігіне қабылданады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер