23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПәтер тонаушы 22 жастағы қыз туралы әлеуметтік желілерде жаппай тараған ақпаратқа Рolisia.kz түсінік берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Құрметті тұрғындар, бұл қыздың есімі Құлмағамбетова Дамира, 22 жаста. Кәсіби пәтер тонаушы. Құлыпты кілттерді таңдау арқылы және басқа да жолдармен ашып алады... Жанында көлік мінген орта бойлы, аққұба жігіт болуы мүмкін. Қырағы болыңыздар, үйдің кіреберісіне кіргізбеңіздер», - делінген еді қыздың фотосы қоса берілген хабарламада.
Абай облыстық Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы аталған ақпаратқа тексеру жүргізіп, оның жалған екенін анықтады.
«Аталған азаматша осыған дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат және телекоммуникация желілері арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыр жазасы қарастырылған», - деді полициядан.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады