Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында соңғы айларда байқалған баға өсімінің шынайы себебі қоғамда үлкен талқылау тудырып отыр. Тұрғын үйдің күрт қымбаттауын министрліктің өзі де табиғи нарықтық факторлармен толық түсіндіру қиын екенін мойындады. Сарапшылар бұл жағдайды нақты нарықтық сұраныстан гөрі ақпараттық манипуляция мен спекуляцияның нәтижесі деп бағалауда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана мен Алматының жаңа құрылыс сегментінде фазалық түрде емес, қисынсыз баға өсімі байқалып отыр. Алматыда орташа шаршы метр құны 800 мың теңгеден асып кетсе, Астананың бизнес-класс тұрғын үй кешендерінде 1,3-1,5 млн теңге деңгейі қалыпты көрсеткішке айналды.
Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтік брифингте жағдайға алғаш рет ашық түсініктеме берді. Ол баға белгілеудің нарықтық тетігіне мемлекет тікелей араласа алмайтынын атап өтті, бірақ қазіргі өсімнің объективті факторлармен толық сәйкес келмейтінін де жасырмады.
Министрдің сөзінше, нарықта «ажиотаждық сұраныс» әдейі жасалып, азаматтардың «қазір сатып алмасам, ертең екі есе қымбаттайды» деген үрейін пайдалану әрекеттері болуы мүмкін. Ол пәтер бағасының 30%-дан жоғары өсуіне қажетті экономикалық алғышарттар көрінбейтінін ашық айтты.
Ал, риэлторлаар болса бағаның қазіргі өсуін үш негізгі факторға бөліп түсіндіреді:
Экономист Ғалым Құсайыновтың есебі бойынша, ҚҚС-тың жаңа мөлшерлемесі тұрғын үйдің өзіндік құнына бірден ықпал етпейді. 2026 жылы басталатын құрылыс жобалары нарыққа тек 2027 жылы шығады. Сондықтан қазіргі баға өсімін салықтық өзгерістермен байланыстыру қисынсыз.
Экономист сонымен қатар шығындардың артуы ең алдымен шағын және орта құрылыс компанияларына салмақ түсіріп, олардың жобаларын қысқартуға мәжбүр етуі мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін, пәтер бағасына қатысты жауапты тұлғалардың ресми мәлімдемесін жазған едік.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?