23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан-Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өтуге рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан Қазақстан мен Тәжікстан шекараларынан ID картамен өту тәртібін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Олий Мажлистің Заң шығару палатасында Президент Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.
Көрші ел басшысы Орталық Азиядағы тату көршілік қатынастарды нығайтуға, өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аударылатынын айтты. 2025 жылы Өзбекстан «Орталық Азия бестігінің» (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан) кездесуін өткізеді. Бұл өзара байланысты нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Одан бөлек Ш.Мирзиёев 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан азаматтары Қырғызстан шекарасынан паспорт орнына ID-карта арқылы өте алатынын еске салды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік