7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Еліміздің түкпір-түкпірінен 174 пікірсайысшы сайысқа өз өтінімдерін жолдаған. Іріктеу нәтижесінде олардың арасынан тек 128-і таңдалды. Сонымен қатар трэвел-гранттарды жеңіп алған 64 қазақстандық та республикалық турнирге жолдама алған. Екі күндік парламенттік пікірсайысқа Ата заңымыздың 20 жылдығы арқау болды. «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында сайысқа түскендердің сөз саптау шеберлігі бағаланды. Дәйектер мен деректер тартысы қазақ және орыс тілдерінде өтті. Әрбір құрама еліміздегі заң шығаруға, тұрғындардың конституциялық құқықтары мен міндеттеріне байланысты мәселелерді талқыға салды. Оның арқасында қатысушылардың сыни ойлау қабілеті дамып, өзінің дәйектерін жүйелеуге, ұстанымын білдіруге үйренеді.
- Талапқа сай ойынға тек 15 минут қалғанда талқыланатын тақырып жарияланды. Қолданыстағы Ата заңымыздың артықшылықтары мен кемшін тұстарын таразыладық. Әрбір құрама өздерінің нақты деректерін, ұсыныстарын алға тартты. Бей-жай қалмай, азаматтық белсенділігімізді таныттық. Құқықтық сауаттылығымыз да артқаны даусыз. Біліп-түйгеніміз қызметімізде пайдалы болады, - дейді қызылордалық Маржан Ердібек.
Бұл жолғы парламенттік пікірсайыс қатысушылардың саны жағынан ең ауқымды болған. Тартысты сайыс нәтижесінде орыс және қазақ тілінде де астаналық құрамаға тең келері табылмады. Елордалықтар республикалық жарыстың кубогын иеленді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?