23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Латвия Республикасының Сеймінде Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Латвия Сеймімен ынтымақтастық тобының жаңадан сайланған жетекшісі, депутат Улдис Аугулиспен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Кездесу басында қазақстандық дипломат У. Аугулисті осы лауазымға сайлануымен құттықтап, ү.ж. 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіне өтетін кезектен тыс сайлау туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Латвиялық саясаткер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды жаңғырту күн тәртібін жоғары бағалап, қазақстандық көшбасшысының қоғам мен мемлекетті жан-жақты жаңартуға бағытталған елдегі саяси және әлеумет-экономикалық реформаларды іске асыруға дәйекті және жүйелі көзқарасын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін тұрақты парламентаралық диалогты қолдаудың маңыздылығы атап өтілді. Тараптар Қазақстан Парламенті Мәжілісінде осындай топ құрылғаннан кейін ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топтардың желісі бойынша байланыстарды жандандыруды қолдады.
Сұхбат барысында елдер арасындағы экономикалық өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды. Т. Пірімбетов сұхбаттастарға 2022 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты саудада және транзит-көліктік салада оң динамика байқалатынын хабарлады. У. Аугулис өз кезегінде елдеріміздің, әсіресе транзит саласында өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуеті бар екенін атап өтті.
Кездесу соңында Қазақстан Елшісі У. Аугулисті ағымдағы жылғы маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік