Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіМәжіліс Парламенттің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.
Осы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайлы 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы 13 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады. Олар –үздік телевизиялық сюжет, баспа жарияланым, интернет, радио және фото материал. Сондай-ақ «Парламент сөзі» номинациясы, Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламент Мәжілісінің қызметі туралы жасалған арнайы репортаж да атап өтіледі.
Жеңімпаздарды Мәжіліс депутаттарынан құралған арнайы комиссия анықтайды.
Өтінімдерді 2025 жылғы 16 маусымға дейін Smimazh@parlam.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік