Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрОСК отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің 8-ші сайланымы депутаттарын тіркеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент депуттарының кезектен тыс сайлауы өткен жылдың маусым айында болған республикалық референдумдағы жалпыхалықтық дауыс беру нәтижелері бойынша басталған үлкен елдік сайлау циклін аяқтайтынын айтты.
«Конституциялық реформаның қорытындысы бойынша биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа бәсекелестік ережелері заңмен рәсімделді. Сайлауды өткізудің жаңа форматы мүдделі азаматтардың саяси қатысу мүмкіндіктерін едәуір кеңейітті және сайлау саласын жандандырды. Партиялық тізімдер бойынша және бірмандаттық окугтерде сайлау арқылы Парламент Мәжілісінің қалыптастыру сайлаушыларға саяси партиялардың платформаларына нақты кандидатураларына да дауыс беруге мүмкіндік берді. Сайлауалды жарысқа қатысқан барлық партиялар жаңа креативті шешімдер тауып, үгіт кезеңінде өз бағдарламаларының мықты тұстарын көрсете алды. Өткен сайлау нәтижесінде Парламентте саяси партиялардың өкілдері алдыңғы сайлау мен салыстырғанда үштен алтыға дейін екі есе өсті. 29 депутат өңірлерден сайлаушылардың мүдделерін білдіреді және олармен императивті мандат арқылы байланысты. Осылайша, сайлау бәсекелестік және ашықтық қағидатында өтті. Парламент корпусы айтарлықтай жаңартылды», - деді ОСК төрағасы.
ОСК хатшысы Мұхтар Ерман депутаттық мандаттарды беру кезінде үш санаттағы өкілдер яғни, әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар бойынша партиялық депуттардың жалпы жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс екендігін атап өтті.
«Алты саяси партияның тиісті құжаттары ҚР ОСК 2023 жылы 27-28 наурызында ұсынылды. Сайлау туралы заңға сай ОСК сайлаған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сондай-ақ, ОСК тіркелген Парламент Мәжілісі депутаттарына куәліктер және омырауға тағатын белгілерді тапсырады», - деді ол.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова