2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның Франциядағы Елшілігінде Республика күні мен Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның 35 жылдығына орай қазақстандық жастармен басқосу өтті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Салтанатты іс-шараға Францияда оқитын студенттер мен жұмыс істейтін жас қазақстандықтар қатысты.
Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова өз сөзінде 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін қалағанын атап өтті. Сондай-ақ ол қол жеткізілген жетістіктер, жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар, мемлекеттік институттарды жаңғырту мен Қазақстанды толық цифрлық елге айналдыру үдерістері туралы баяндады.
Жылы әрі ашық сұхбат форматында өткен кездесуде жастар өздерінің ел дамуына қосатын үлестері туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, маңызды тарихи кезеңдер мен оқиғаларды еске алды. Бағдарлама қазақтың ұлттық билері мен әндері орындалған мерекелік концертпен қорытындыланды. Қонақтар, сонымен қатар атаулы датаға арналған тақырыптық көрмені тамашалап, естелік сыйлықтарға ие болды.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс