10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПарижде өтіп жатқан Олимпиада Ойындарында дзюдодан Жапонияның тағы бір спортшысы Олимпиада ойындарында екінші рет жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
81 келіде бүгін жарыс жолына шыққан Таканори Нагасе финалға дейін барлық қарсыластарын айқын жеңді. Ал финалда әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, грузиялық Тато Григалашвилиді ұтты. Осылайша ол Олимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал бұл салмақта үшінші орынды тәжікстандық Сом Махмадбеков пен оңтүстіккореялық Ли Жон Ван иеленді.
Бұған дейін Жапония құрамасының 66 келіде белдескен балуаны Хифуми Абэ 66 келіде Олимпиаданың екі мәрте жеңімпазы атанған болатын. Бұл салмақта белдескен қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиадада дзюдо бәсекесі 2 тамызға дейін жалғасады. Ерлер санатында 60 келіде Елдос Сметов, 73 келіде әзірбайжандық Хидаят Гейдаров Олимпиада чемпионы атанды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді