22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыФорумға онлайн форматта Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы жасыл экономикаға көшудің өсіп келе жатқан өзектілігіне байланысты барған сайын маңызы артқанын айта өту қажет.
«Климаттың өзгеруі, саяси және экономикалық тұрақсыздық, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі, шөлейттену, биологиялық әртүрлілікті сақтау, су ресурстарының сарқылуына қарсы күрес қазіргі заманның негізгі жаһандық сын-қатерлері болып табылады және инклюзивті және тұрақты даму үшін маңызды міндеттердің біріне айналуда», - деп атап өтті З.Сүлейменова өз сөзінде.
Париж келісімінің температуралық мақсатына қол жеткізудегі жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан 2060 жылға дейінгі Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде.
Сондай-ақ, ведомство басшысы технологиялық жаңғырту мен қайта жарақтандырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені біздің елдеріміздің экономикалық құрылымын төмен көміртекті даму және көміртекті бейтараптыққа көшу шеңберінде трансформациялау ғылыми, технологиялық және кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Қорытындылай келе, Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықта климаттың өзгеруі саласындағы жаһандық саясатты жүзеге асыруды үнемі қолдайтынын айтты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев