14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?10 жастағы америкалық дизайнер Макс Александер Париждегі сән апталығында өз топтамасын ұсынып, ең жас киім дизайнерлерінің бірі атанды. Ол киім үлгілерін жасаумен шамамен алты жылдан бері айналысып келеді, ал тапсырыс берушілерінің қатарында танымал актриса Шэрон Стоун да бар.
Макстың көрсетілімі наурыз айының басында Париждегі әйгілі «Опера Гарнье» театрында өтті. Подиумда 15 киім үлгісі ұсынылды. Олардың басым бөлігі қайта пайдаланылған материалдардан тігілген: парашют матасы, көне сөмкелер, бұрынғы қалыңдық көйлектері мен үнді маталары қолданылған. Анасы Шерридің айтуынша, Макс сәнге төрт жасынан қызыққан. Сол кезде ол ата-анасына дизайнер болатынын айтып, манекен сұраған. Ресайклингпен, яғни қолданылған заттарды қайта өңдеу ісімен айналысатын анасы манекенді өз қолымен жасап берген.
Шерридің сөзінше, Макс сол күннен бастап үнемі жаңа үлгілер ойлап табады әрі тоқтаусыз ізденеді. Анасы оның жұмыстарын әлеуметтік желіде бөлісе бастағаннан кейін жас дизайнер көпшілікке кеңінен таныла бастады. Қазір оның Instagram парақшасына 6 миллионнан астам адам жазылған.
2023 жылдың қарашасында Макс Денвердегі сән апталығында алғашқы жеке көрсетілімін өткізіп, әлемдегі ең жас дизайнер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ол кезде небәрі жеті жас 266 күн болған. Сол уақыттан бері ол пішу мен тігуді жүйелі меңгеріп келеді. Мамандар оның тігін сапасының жоғары екенін атап өтеді, ал дизайнды әзірге арнайы оқу орнында оқымағаны айтылады.
Қазір жас дизайнердің өз бренді қалыптасқан. Париж топтамасындағы латте түсті пиджак шамамен 324 еуро тұрады. Плисселі кешкі көйлек — 1293 еуро, үй киімі — 97 еуро, жағажай киімі шамамен 194 еуро, ал сәндік брелоктар 25 еуро көлемінде бағаланған.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды