Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБоксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетші Ольга Сафронова Парижде Қазақстан Олимпиада құрамасының Ту ұстаушылары ретінде таңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асланбек Шымбергенов 1993 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Жартылай орта және бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық әуесқой боксшы. 2018 жылы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алса, 2022 жылы Азия чемпионы атанды. Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017). Жартылай кәсіпқой «Дүниежүзілік бокс сериясында» 2015 және 2017 жылдары жеңіске жеткен.
2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 71 келі салмақта А.Шымбергенов чемпион атанды. Финалда өзбек өкілі Сайджамшит Жафаровты айқын басымдықпен жеңді.
Ол әуесқой бокстан ұлттық құраманың капитаны.
Ольга Сафронова 1991 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазіргі уақытта Павлодар облысының намысын қорғап жүр. 100 метрге жүгіруден Қазақстан рекордының иегері (11,09 с).
2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Лондон және Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?