23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан теннис федерациясы алдағы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін еліміздің теннис құрамасы анықталғандығын хабарлайды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді, оған сәйкес ойындарға қатысуға рұқсат берудің негізгі біліктілік критерийі ойыншылардың ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары болып табылады.
Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында - Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады.
Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) А.Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік