6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық теннисші Александр Бублик Париждегі турнирдің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 32-орында тұрған француз Корентен Мутені жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алғашқы партияда жерлесіміз брейк жасап, басымдығын сақтап қалды - 6:3. Екінші сетті брейкпен түйіндеп, матчты 7:5 есебімен аяқтады. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды. Бублик 6 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.
Муте ойын барысында эмоцияға беріліп, ракеткасын лақтырып, ескерту алды. Париждік көрермендер жергілікті спортшыны қолдағанымен, бұл жолы жеңіс қазақстандық теннисшіге бұйырды.
Бұған дейін де қарсыластар үш рет кездесіп, үшеуінде де Бублик басым түскен еді.
Келесі кезеңде ол әлемнің 4-ракеткасы америкалық Тейлор Фрицпен кездеседі. Осы нәтижеден кейін Бублик ATP Live рейтингінде 15-орынға көтерілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі