Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАҚШ-тың ашық чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен астаналық паражүзушілер елордаға оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Паражүзуден АҚШ-тың интеллектуалдық ерекшелігі бар параспортшылардың арасында беделді турнир саналатын USADSS & AWL 2024 OPEN NATIONAL CHAMPIONSHIP бәсекесінде астаналық Валерий Югай мен Алпамыс Әмір бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша, 17 & Under санатында бақ сынаған Валерий Югай еркін жүзу сайысында 3 алтын, 1 күміс иеленсе, Алпамыс Әмір 18 & Over санатында 3 қола жүлде жеңіп алды.
«Былтыр Францияда өткен атақты Virtus додасында паражүзушілеріміз нәтижелері төмен болып, жүлделі орыннан уақытымыз алшақ болып еді. Сондықтан бір жылдың ішінде АҚШ-тағы ашық чемпионатта осынша жүлде болады деп күтпедік. Оның үстіне паражүзуден интеллектуалдық ерекшелігі бар жандарға да көңіл аударылып жатқанына көп жыл болмады. Жоғары нәтижеге бапкер, федерацияның ұйымшылдығының арқасында жеттік», - деді паражүзуден жаттықтырушы Сайлаубек Ернұр.
АҚШ-та ұйымдастырылған ашық чемпионатта Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Канада, Колумбия, Мексика, Жапония, Португалия, Аустралия, Польша елдерінен 100-ге жуық параспортшы бақтарын сынады.
Отандастарымыз енді 2025 жылы Таиландта Virtus әлем чемпионаты мен Өзбекстанда өтетін жасөспірімдер арасындағы пара Азия ойындарына дайындыққа кіріседі.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес