29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПетропавлда парашаңғы спортынан әлем чемпионы Ербол Хамитовқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Айта кету керек, бұл - Қазақстан парашаңғы спорты тарихындағы алғашқы алтын жүлде.
Қазақстан құрамасының сапындағы жеті спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері болды.
«Жас спортшыларға үлгі болып, қайсарлық пен табандылық танытқан параатлеттер мен олардың бапкерлеріне алғыс білдіремін. Ербол Хамитовтың ата-анасы Ғалымкерей Құсайынов пен Ғалия Алпыспаеваға да ұлын тәрбиелеп, чемпион өсіргені, өмірдегі барлық қиындықтарды жеңіп шыққаны үшін алғыс айттым», - деп жазды әкім Айдарбек Сапаров.
Марапаттау рәсімінде Ербол Хамитовке ақшалай сыйақы мен қызметтік пәтердің кілті тапсырылды.
Спортшылар мен жаттықтырушылар естелік сыйлықтар мен алғыс хат алды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек