Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Тхатипамула Венката Нагендра Прасад Ақкөл қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығында PARAM BILIM-2 суперкомпьютерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов суперкомпьютердің қызметі туралы айта келе, 2025 жылғы наурызда жаңғыртылған және іске қосылған суперкомпьютердің ғылыми және білім беру бастамалары үшін маңызды құралға айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар ректор бүгінде «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерін қоса алғанда, 60-тан астам маман, сондай-ақ ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің магистранттары, докторанттары мен оқытушылары суперкомпьютерде жұмыс істеу үшін арнайы дайындықтан өткенін айтты.
Кездесуге қатысушылар ЕҰУ ғалымдары мен KazSat өкілдері атынан KazSat спутниктік тобының телеметриялық деректерін талдау үшін суперкомпьютерді пайдалану туралы пікір алмасты.
Сондай-ақ кездесу барысында ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шахмаран Сейілов Үндістан, Орталық Азия, Ресей және Оңтүстік Корея елдерінің қатысуымен аймақтық Кванттық альянс құру туралы көзқарасты ұсынды. Бұл альянс кванттық технологияның серпінді дамуы үшін аймақтың ғылыми әлеуетін біріктіруге арналған.
Кездесу барысында министр мен дипломат суперкомпьютерлік және кванттық технологиялардың, сондай-ақ жоғары технологиялар мен ғылыми инновациялар саласындағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
Айта кету керек, PARAM BILIM-2 суперкомпьютерін Үндістан мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес Үндістан C-DAC корпорациясы ЕҰУ-ға сыйға тартты, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекет басшысының Ұлттық өнімділігі жоғары есептеу инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде пайдалануға берді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды