Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйекте Қазақстан спортшылары пара нысана көздеуден, пара жүзуден және пара үстел теннисінен өнер көрсетеді.
Астана уақыты бойынша 12-30-да пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов жарыс жолына шығады.
Айта кетсек, Еркін Ғабассов 31 тамызда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жалпы есепте 6-шы орын иеленіп, медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Ол барлығы 619.5 ұпай жинады (104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2). Финалда Ғаббасов 247.3 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға ие болды. Осылайша, 2024 жылғы Париж ойындарында Ғаббасов Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші медальды салды.
Сағат 13-47-де пара жүзуден Зүльфия Ғабидуллина өнер көрсетеді.
Ал сағат 23-00-де пара үстел теннисінде жерлесіміз Әли Мақұлбеков Марк Ледоға қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетеді.
Айта кетсек, Паралимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен тамашалауға болады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары