Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыПарижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының нәтижесі келесідей болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пара дзюдо: Жұрқамырза Шүкірбеков J2 санатында 90 келі салмақта сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.
Әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола жүлдеге қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.
J2 санатында 90 кг салмақтағы Ғалымжан Смағұлұлы мен Бауыржан Арыстанбеков алғашқы белдесулерінде, J1 санатында +90 кг салмақта өнер көрсеткен Ерлан Өтепов жұбаныш кездесуінде жеңіліп қалды.
Пара пауэрлифтинг: 73 кг салмақ дәрежесіндегі сайыста Раушан Қойшыбаева 117 кг нәтижемен 4-орынға тұрақтады.
88 кг салмақта бақ сынаған Рахметжан Хамаев 200 кг көтеріп, Паралимпиаданы 6-орынмен аяқтады.
Пара каноэ: VL3 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Жаңыл Балтабаева 1:02.13 секунд уақытпен финалға шыға алмады.
KL2 санатында 200 метрге жарыстың жартылай финалында Бибарыс Спатай 45.47 секунд нәтижемен финалдан тыс қалды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары