Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық пара дзюдошылар 2025 IBSA Judo World Championships Astana жарысының алғашқы күнінде ел қоржынына бес жүлде салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Парадзюдодан алғаш рет Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күні жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде еншіледі.
Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:
Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)
Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)
Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)
Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)
Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)
Ертеңгі жарыс күні таңғы 10:00-де басталады.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі