12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТалдықорғанда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына сот үкімі шықты. Сотталушы 1,5 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Судья адвокат А.Тазабеков және азамат Ж.Жанпейісов арқылы "Good Zhem" ЖШС басшысы А.Пактан азаматтық іс бойынша оң шешім үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алған. Бұл туралы Жетісу облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ресми сайтында жарияланды.
Талдықорған қалалық сотының үкімімен судья 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Ал пара беруге оқталғаны үшін ЖШС басшысы мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Адвокат пен азамат Ж.Жанпейісов делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Алайда 2021 жылдың 7 желтоқсандағы № 81-VII ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау актісі негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды", — делінген ведомство мәліметінде.
Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер